Қарағандыда екі полицей жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда екі полицей жол апатына ұшырады ©Tengrinews.kz

Қарағандыда ішкі істер департаментінің екі қызметкері жол көлік оқиғасына тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда ішкі істер департаментінің екі қызметкері жол көлік оқиғасына тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қаңтарда Қарағанды қаласының 40 жастағы тұрғыны Toyota Land Cruiser автокөлігімен Тәттімбет көшесімен кетіп бара жатып рульге ие бола алмай жол-жөнекей кетіп бара жатқан Lada автокөлігін жанап өтті. Бұл көлікте екі полицей болған. Lada автокөлігіне соғылғаннан кейін жолдың қарсы бағытына шығып кеткен ол Nissan Patrol көлігімен соқтығысты. Оның рулінде 31 жастағы Қарағанды тұрғыны болған.

Жол-көлік оқиғасынан кейін екі полицей ауруханаға жеткізілді. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, 2014 жылы 31 желтоқсанда Теміртау тұрғыны полицейді көлігімен қағып өлтірген болатын. Тергеудің мәліметінше, көлік иесі қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Сол кезде полицейді қағып кетті, ол сол жерде қайтыс болды. Оқиғаға кінәлі адам ұсталды.   

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети