Қарағандыда көктайғақтан 30-ға жуық жол апаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда көктайғақтан 30-ға жуық жол апаты болды Куәгер жолдаған сурет.

Қарағандылықтар қар басқан жолдар мен көктайғақтың салдарынан жолдың шетіне ұшып кетіп жатқан көліктердің суреттері мен видеоларын әлеуметтік желілерде жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылықтар қар басқан жолдар мен көктайғақтың салдарынан жолдың шетіне ұшып кетіп жатқан көліктердің суреттері мен видеоларын әлеуметтік желілерде жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандылықтар қазан айының басындағы "қысқа" дайын болмаған екен. Ауа температурасының төмендеп, қар жаууына байланысты жолдар тайғақ болып жатыр. Салдарынан қала жүргізушілері зардап шеккен. Нәтижесінде соңғы тәулікте 28 жол-көлік оқиғасы болған. Жол-көлік оқиғаларының куәгерлері суреттер мен видеоларды Instagram желісінде жариялап жатыр.

"Қарағандыда көктайғақтың салдарынан 28 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл деректер сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

"Қарағанды облыстық ІІД жүргізушілерге жолдарда қауіпті екенін ескертіп, жылдамдықты сақтап, абай болуларын сұрайды", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети