Қарағандыда көпірден секіремін деген ер адам прокурор мен журналистердің келуін талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда көпірден секіремін деген ер адам прокурор мен журналистердің келуін талап етті Видеодан жасалған кадр

Қарағандыда ер адам Гоголь көшесінің бойындағы көпірден секіріп кетпек болды. Қазір 25 жастағы қала тұрғыны полицияның орталық бөлімшесінде, оған полицейлер мен дәрігерлер өз көмегін беруде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда ер адам Гоголь көшесінің бойындағы көпірден секіріп кетпек болды. Қазір 25 жастағы қала тұрғыны полицияның орталық бөлімшесінде, оған полицейлер мен дәрігерлер өз көмегін беруде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл жағдай туралы хабарлама арнайы қызметке сағат 14:00-де келіп түсті.

"Ер адамның аты Александр. Онымен полиция қызметкерлері, дәрігерлер мен психологтар сөйлесті. Александр прокурор мен журналистердің келуін талап етті. Оның талабы орындалғаннан кейін, ол айтқандарынан шатасып, көпірден түсуге асықпады. Су ішуден де бас тартты. Артынан белгісіз адамдар аңдып жүргенін айтты. Өтіп бара жатқан адамдарды көрсетіп, оларды аңдушылар деп атады", - дейді Қарағанды облыссы ІІД-нің баспасөз қызметкері Батыр Смайылов.

Сурет әлеуметтік желіден.

Ер адам дәл тоқ сымдары мен теміржолдың үстінде тұрғанын айта кету керек. Жиналған адамдар бәрін бақылап, онлайн режимде талқылап жатты. Ер адамның денсаулығы мен психикалық жағдайы туралы әлі ештеңе белгісіз. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети