Қарағандыда күдікті қызметтік көлікпен алып бара жатқан полицейлерден қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда күдікті қызметтік көлікпен алып бара жатқан полицейлерден қашып кеткен © Тұрар Қазанғапов

Қарағандыда 23 жастағы күдікті қызметтік көлікпен алып бара жатқан полицейлерден қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 23 жастағы күдікті қызметтік көлікпен алып бара жатқан полицейлерден қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Үстінен іс қозғалған күдіктінің сот ғимаратынан қашып кеткені туралы ақпарат алдымен Facebook желісінде пайда болды. Ерлан Жетенов атты қолданушы күдіктінің суретін де жариялады. 

"Қарағанды полицейлері тағы да "ерекшеленді". Крылов көшесіндегі аудандық сот ғимаратынан тергеуде жүрген тұтқын қашып кетті. Ол көшеге шығып алып, өткен-кеткендерден балға мен қашау сұраған дейді. Полицейлер Михайловканы толық аралап шыққанымен, оны таба алмады. Сондықтан бұл жігітті байқап қалсаңыз, тәртіп сақшыларына хабарласыңыз. Ерекше белгілері - қолында кісен бар", - деп жазыпты Жетенов өз парақшасына. 

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қашып кеткен күдікті қазіргі кезде қолға түсті. 

"26 тамызда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері арнайы автокөлікке апара жатқан полицейлерден жасырынған 1994 жылғы Д.С. Барысты ұстады. Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу және қашуға қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр", - дейді ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров. 

Күдікті қашып кетпес бұрын бірнеше рет ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети