Қарағандыда оқушы қыз көпқабатты үйдің шатырынан секірмекші болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда оқушы қыз көпқабатты үйдің шатырынан секірмекші болды Youtube видеоролигінен алынған кадрлар

Қарағандыда 15 жастағы қыз бес қабатты үйдің шатырынан секірмекші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол мұндай әрекетке анасымен ұрсысып қалғаннан кейін барған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 15 жастағы қыз бес қабатты үйдің шатырынан секірмекші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол мұндай әрекетке анасымен ұрсысып қалғаннан кейін барған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, үйдің шатырынан Шахтинск қаласының 15 жастағы тұрғынын патруль полициясы қызметкерлері түсіріп алды.

"15 ақпан күні Қарағанды қаласындағы бес қабатты үйдің шатырындағы қыз туралы хабарды полицияға тұрғындар жеткізді. Полиция ол жерге қыздың облыс орталығында тұратын досымен бірге барып, мектеп оқушысын шатырдан түсуге көндірді", - делінген хабарламада.

Қыздың айтуынша, ол нашар бағалары үшін анасымен ұрсысып қалғаннан кейін Қарағандыға келіп 17-ықшамаудандағы көп қабатты үйдің шатырына шыққан. Одан кейін анасы мен досына қоңырау шалып өз-өзіне қол салатыны туралы айтқан. Ол кейін полицияға шатырдан секіруге ниеттенбегенін, тек туыстарын қорқытып, өзіне назар аудартқысы келгенін мойындады.

Бұл оқиғаға қатысты алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети