Қарағандыда өрттен ерлі-зайыпты қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда өрттен ерлі-зайыпты қаза тапты

Қарағандыда бес қабатты үйлердің бірінен өрт шығып, үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда бес қабатты үйлердің бірінен өрт шығып, үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 12 мамырда түнгі уақытта Бульвар-Мир көшесінде болған. Үйдің екінші қабатындағы бір бөлмелі пәтерде өрт шыққан. Құтқарушылар оқиға орнына бірнеше минуттан соң келген. Екі пәтерден адамдарды эвакуациялау кезінде үш адамның мәйіті табылған. Олар улы газға тұншығып қайтыс болған. Қайтыс болғандардың екеуі ерлі-зайыпты екені белгілі болды. Үшінші адамның жасы 22-де. Тағы екі адам облыстық медициналық орталыққа жеткізілген. 

"Өрт сөндіру қызметінің мамандары 16 адамды құтқарды, оның алтауы балалар және 19 адамды эвакуациялаған. Өрт 01.52-де ауыздықталды, ал 02.42-де толығымен сөндірілді", - дейді ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

Өрттің неден шыққаны белгісіз. Қазіргі уақытта тұрғындар үйіне қайтып оралды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети