Қарағандыда қоқыс контейнерінен табылған сәбиді оның әкесі өлтірген болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда қоқыс контейнерінен табылған сәбиді оның әкесі өлтірген болуы мүмкін ©Ярослав Радловский

Қарағандыда "Аян" сауда-тұрмыс орталығының маңындағы қоқыс контейнерінен табылған сәбиді өлтірді деген айыппен оның әкесі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, қалада қоқыс контейнерінен өлі сәби табылған болатын.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда "Аян" сауда-тұрмыс орталығының маңындағы қоқыс контейнерінен табылған сәбиді өлтірді деген айыппен оның әкесі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, қалада қоқыс контейнерінен өлі сәби табылған болатын.  

Сот-медицина сараптамасы орталығының мамандары баланың денесінің үш жерінен пышақталғанын анықтады. "Сәби шамамен бір жарым айлық. Оны пышақтап өлтірген", - деді Оңтүстік-Шығыс аудандық ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері. 

Қылмыс жасады деген күдікпен оның әкесі ұсталды. Ол баланың анасымен некеде тұрмағанын мәлімдеді. "Ол кінәсін мойындамады, баланың өліміне қатысып жоқ екенін айтады. Анасын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді полиция өкілдері. Еске сала кетейік, Қарағандының Оңтүстік-Шығыс ауданының тұрғындары 25 ақпанда өлі сәбиді тауып алған еді. Баланың денесі қапшыққа салынып, контейнерге тасталған. 

Мұның алдында Қарағандыдағы "Шығыс" орталық базары маңында да өлі сәби табылған болатын. Оны осы аумақтағы тұрғындар тауып алып, полицияға хабар берген. Сәби жол бойында үй қоршауларына жақын жерде жатқан. Куәгерлердің айтуынша, сәбидің денесін ит-мысық талап тастаған. Бала табылған жерге құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, денені мәйітханаға алып кетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети