Қарағандыда түрмеден қашып кеткен адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда түрмеден қашып кеткен адам ұсталды ©REUTERS

27 шілде күні Қарағанды түрмелерінің бірінен қашып кеткен адам саяжай алабынан ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Хасеновке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

27 шілде күні Қарағанды түрмелерінің бірінен қашып кеткен адам саяжай алабынан ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Хасеновке сілтеме жасап.

Қашқын Сахалин елді мекенінде орналасқан саяжай алабында қолға түсті. Сотталған адамның қашып кеткені 27 шілде күні сағат 18.00 шамасында белгілі болса, ол тәулікке жетпейтін уақыттан соң, сағат 12.15-те табылып отыр. 

Бұған дейін бұл оқиғаның АК-159/1 түзеу мекемесінде болғаны хабарланған еді. Қашып кеткен адам "Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз топ болып немесе ірі шығын келтіре отырып, заңсыз иелену" бабы бойынша бес жылға сотталған. Қашу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іздеу шаралары жүріп жатыр. Бұған дейін ақпарат құралдары түрмеден 10-15 адамның қашып кеткенін хабарлаған еді. Бірақ полиция да, ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті де бұл ақпаратты растамай, тек бір адамның ғана қашып кеткенін мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети