Қарағандыда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті © Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысында аты-жөні анықталмаған жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды. Облыстық ІІД қызметкерлері осы жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында аты-жөні анықталмаған жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды. Облыстық ІІД қызметкерлері осы жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты 8 қазанда таңғы уақытта "Алматы-Екатеринбург тасжолында Осакаров ауданына қарасты Батпақ ауылының маңында болды. Осакаровка ауылының бағытынан шыққан жүргізуші (әзірше кім екені белгісіз) Қарағандыға қарай бара жатып, жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Болжаммен жүргізуші қара түсті Mercedes көлігін басқарған.

Облыстық ІІД жергілік полиция қызметінің баспасөз қызметі қаза тапқан жаяу жүргіншінің кім екені әзірше анықталмағанын мәлімдеді. Оның еуропалық нәсілде жас шамасы 30-35-жаста екені белгілі. 

"Автомобильдің жол апатынан кейін сол жақтағы шамы, алдыңғы әйнегі және капоты бүлінген. Қандай да бір мәліметті білетін азаматтарға мына телефондар бойынша хабарласуды сұраймыз: 102, 41-55-55 немесе 87007459579", - дейді полицейлер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети