Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адам қаза тапты видеодан үзінді

Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облытық полиция департаментініне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облытық полиция департаментініне сілтеме жасап. 

Редакцияның Whatsapp +7 777 - 001 - 44 - 99 нөміріне оқырмандар видео жолдаған. Онда жастар арасында жанжал шығып, артынша төбелеске ұласқан. Видеодағы үзіндіге қарағанда, оқиға 1 қаңтарға қараған түні болған. 

Өңірдегі полиция өкілдерінің мәліметінше, 1 қаңтарда қаладағы мейрамханалардың бірінде зорлық белгілері бар 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Осы уақытта әр түрлі дене жарақатын алған үш жігіт (24-27 жас аралығындағы жігіттер) медициналық мекеменің көмегіне жүгінген. 

Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жастар спирттік ішімдік ішкеннен кейін жанжалдасқан. Қазіргі уақытта күдікті анықталды, ұстау шарасы жүргізіліп жатыр", - деді полиция баспасөз қызметінің өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети