Қарағандыда жоғалып кеткен оқушы өлі күйінде табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда жоғалып кеткен оқушы өлі күйінде табылды 5-сынып оқушысы Леон Серікбаев. Фото әлеуметтік желілерден алынды.

Қарағандыда жоғалып кеткен 5-сынып оқушысы Леон Серікбаев өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды ІІД орталық полиция бөліміне cілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда жоғалып кеткен 5-сынып оқушысы Леон Серікбаев өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды ІІД орталық полиция бөліміне cілтеме жасап.

Полиция өкілдері баланың ықшамаудандардың біріндегі жеке үй ауласынан, қоқыс төгетін шұңқырдан табылғанын хабарлады. 11 жастағы баланың денесі қазір мәйітханада. Мәйіттен дене жарақаттары анықталды.

Баланың денесі табылмай тұрып, Tengrinews.kz тілшісі оның әкесімен сөйлескен болатын. "Ұлымның жоғалып кеткенін мен сынып жетекшісінен естідім, ол баланың бірінші, екінші сабақтарға келмегенін айтты, содан кейін біз тұспалдама жасап, іздеуге өзіміз кірістік", - деді Вадим Серікбаев.

Еске сала кетейік, 25 қыркүйек күні бесінші сынып оқушысы Леон Серікбаевтың жоғалып кеткені туралы хабар әлеуметтік желілерде пайда болған еді. "Сағат 13.00 кезінде №63 мектептің немесе "Солнышко" дүкенінің жанында Леон есімді бала жоғалып кетті. Мектеп формасын киген. 5-сынып оқушысы, 11 жаста. Бойының ұзындығы - 140-150 см", - делінген таратылған хабарламада. Сонымен бірге, ауданды тінтіп шығу үшін еріктілер жасағы жиналғаны туралы ақпарат тараған болатын.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети