Қарағандыға іссапармен келген шенеунік сегізінші қабаттан секіріп өлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыға іссапармен келген шенеунік сегізінші қабаттан секіріп өлді © Аisttv.ru

Қарқаралы әкімі аппаратының басшысы өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". Қарағандыға іссапармен келген 39 жастағы Думан Әзімханов тұрғын үйдің сегізінші қабатынан секіріп кеткен.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарқаралы әкімі аппаратының басшысы өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". Қарағандыға іссапармен келген 39 жастағы Думан Әзімханов тұрғын үйдің сегізінші қабатынан секіріп кеткен.

Агенттіктің мәліметінше, оқиға 20 тамызда болды. Бұл туралы Жедел жәрдем қызметі "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне жұма күні хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, ер адам бас жарақаты мен сүйек сынықтарынан оқиға орнында қаза тапты.

Қарқаралы ауданының әкімдігі агенттікке әкім аппараты басшысының Қарағандыға іссапармен кеткенін хабарлады.

"Туыстарының үйіне тоқтаған. Оның суицидке баруының қызметіне қатысы жоқ. Ол жақсы жұмыс істеді, ұжымда сыйлы болды. Өзіне қол жұмсауына ауыр дертке шалдығуы себеп болуы мүмкін", - деді әкімдіктегілер.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети