"Қарапайым жігіт болды, ораза ұстайтын" - Талдықорғанда менингиттен қайтыс болған студенттің достары

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қарапайым жігіт болды, ораза ұстайтын" -  Талдықорғанда менингиттен қайтыс болған студенттің достары © ktk.kz

Таяуда Талдықорғанда менингиттен қайтыс болған студент оқыған медициналық колледждің жатақханасында карантин жарияланды. Қазіргі уақытта сол жатақханада болған студенттердің барлығын мамандар бақылауға алды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таяуда Талдықорғанда менингиттен қайтыс болған студент оқыған медициналық колледждің жатақханасында карантин жарияланды. Қазіргі уақытта сол жатақханада болған студенттердің барлығын мамандар бақылауға алды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, дәрігерлер 99 студентті бақылап отыр. Жатақханаға бөтен адамдарға кіруге тыйым салынады, барлығы бетперде киіп жүр.

Қайтыс болған жігіттің таныстарының айтуынша, ол ораза ұстап жүрген және сол кезде әлсіреп жүрген.

"Ол күн сайын кешке ауызашарға баратын. Ораза кезінде денсаулығы әлсіреді. Мен студенттердің бәріне "мүмкін ораза ұстамай-ақ қоярсыңдар" деп айтамын. Оның үстіне сессия жүріп жатыр. Колледжде арнайы фильтрлар қойдық. Біреудің температурасы көтерілсе бірден ауруханаға жібереміз", - дейді медицина колледжінің директоры Серік Жансегіров.

Расул Асланоғлының достарының айтуынша, Расул қарапайым жігіт болған, ораза ұстаған және күнделікті кешке мешітке барып жүрген.

Еске сала кетейік, 17 жастағы жігіттің менингиттен қайтыс болғаны жайлы Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы хабарлаған болатын. "17 жастағы жігіт медициналық колледжде оқыған. Ол 3 маусымда ауруханаға түсіп, 4 маусымда қайтыс болды", - деген еді Ерғали Сыдыманов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, студент ауруханаға ауыр жағдайда түскен. "Ол жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды, алайда жансақтау бойынша жүргізілген шаралар көмектеспеді. Салдарынан 18.30-да ол қайтыс болды", - деп хабарлаған еді баспасөз қызметіндегілер. (Дереккөз: КТК)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети