Қарындасын 3 жыл бойы зорлап келген атыраулыққа жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарындасын 3 жыл бойы зорлап келген атыраулыққа жаза кесілді ©"31 арна" кадры

Атырауда қарындасын үш жыл бойы зорлап келді деп айыпталған азаматты сот кінәлі деп тапты. Оқиға Қызылқоға ауданында болған. 28 жастағы азамат арақ ішіп алып, өзінің 2000 жылы туған әкесі бөлек, шешесі бір өгей қарындасын зорлаған, - деп хабарлайды "31 арна".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда қарындасын үш жыл бойы зорлап келді деп айыпталған азаматты сот кінәлі деп тапты. Оқиға Қызылқоға ауданында болған. 28 жастағы азамат арақ ішіп алып, өзінің 2000 жылы туған әкесі бөлек, шешесі бір өгей қарындасын зорлаған, - деп хабарлайды "31 арна".

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, Жасұланбек Тілеуов Ақтөбе облысы, Темір ауданының тумасы. Анасының науқастығын, қарындасының қорғансыздығын пайдаланған ол арам ойын 2012 жылдың жаз айынан бастап биылғы жылдың сәуіріне дейін жүзеге асырып келген. Үйде оңаша қалғанда қарындасын ұрып-соғып, ойына келгенін жасаған. Қарсылық танытқан қарсыласына "сыныптастарыңа айтам, ел-жұртқа жариялаймын" деп қорқытқан. "Тергеу барысында айыпталушы кінәсін мүлде мойындамады. Алайда, сот тергеуінде зерттелген іс материалдарының кәмелетке толмаған жәбірленушінің көрсеткен дәлелі бойынша кінәсі дәлелденген. Ендігі жерде Тілеуов өмірінің 17 жылын қатаң тәртіптегі түрмеде өткізетін болды", - деа хабарлады арна тілшілері.

"Сот үкімімен ҚР қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-ші бөлігімен, 121-баптың 4-і бөлігімен және 120-баптың 3-і бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі 17 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді", - деп оқыды судья Жұмағали Тәшімов.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети