Қаржы пирамидасына кіру үшін адамдар пәтерлерін сатады: прокурор Questra Holdings қызметі жайлы ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы пирамидасына кіру үшін адамдар пәтерлерін сатады: прокурор Questra Holdings қызметі жайлы ескертті

Қызылорда облысының прокуроры қазақстандықтарды қаржы пирамидаларына ақша салудан аулақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысының прокуроры қазақстандықтарды қаржы пирамидаларына ақша салудан аулақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.

"(...) Біз интернет платформаларда жұмыс істейтін "Questra Holdings" қаржы пирамидасының немен айналысатынын анықтадық. Компания өкілдері халыққа инвесторға ақша салуды ұсынған. Компаниядағылар оларға жаңа инвесторлар тартылған сайын олардың салған қаражаты өсетінін айтқан. Әлеуметтік желілердегі көрсеткіштерге қарағанда, компания еліміздің басқа облыстарында үлкен сомада ақша тауып жатыр. Осы компанияға ақша салған қазақстандықтар оны өздерінің таныстары арасында және әлеуметтік желілерде барынша белсенді түрде жарнамалап жатыр. Пирамидаға кіру үшін кейбір адамдар тіпті пәтерлерін сатып жатады деген мәлімет те бар", -  деді Қызылорда облысының прокуроры Халидулла Дәуешов.

Бақылау органының мәліметінше, осы дерек бойынша тергеу басталды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Questra Holdings Inc. компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын. "Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен ішкі істер органдарының қызметкерлері биыл 15 наурызда Questra Holdings Inc. компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғады. ІІМ-не бүкіл ел бойынша тергеу ұйымдастыру үшін тергеу тобын құруға нұсқау берілді", - делінген еді Бас прокуратураның сайтында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети