"Қазақмыс" компаниясында бір жұмысшы тоққа түсіп өлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақмыс" компаниясында бір жұмысшы тоққа түсіп өлді

"Қазақмыс" компаниясында 29 жастағы ер адам тоққа түсіп өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақмыс" компаниясында 29 жастағы ер адам тоққа түсіп өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 17 маусым күні Балхаш байыту фабрикасында болды. "1986 жылы дүниеге келген газэлектрмен дәнекерлеуші құбырдың түтігін жою кезінде электр тоғынан жарақат алып, тілге келместен көз жұмды. Оқиға орнына келіп жеткен медициналық қызметкер қаза болған жағдайды растады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, компания баспасөз өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда болған оқиғаны зерттеу үшін арнайы комиссия құрылды. Марқұмды жерлеу рәсімін және ұйымдастыру шығынын компания өз мойнына алды. "Қазақмыс" компаниясы және еңбек ұжымы отбасына және туысқандарының қайғы қасіреттеріне ортақ екенін білдіреді.

Еске салайық, 2014 жылы қыркүйекте "Қазақмыс" компаниясында жұмыс істеген әйелдің кеніште қаза тапқаны хабарланған болатын. Шемонаиха ауданында орналасқан Артемьев шахтасының жүк тиеу-түсіру жұмыстары учаскесінде өздігінен қозғалатын көлік әрекетінің салдарынан кеніш қызметкері қаза болған еді. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети