Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді © some.kz

Қазақстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 3,9-ға тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері 12 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 10.41-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі қазақ-қытай шекарасында Алматының солтүстік-шығысынан 347 шақырым жерде болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,5, ал жерасты дүмпулерінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Қаза болғандар мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өскеменнен солтүстік-шығысқа қарай 320 шақырымда магнитудасы 3,6-ға тең жер сілкінісінің болғаны хабарланды. Жер асты дүмпуі 12 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 00.41-де тіркелді. Жер сілкінісі Алтай республикасы аумағында болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы 2 шақырым тереңдікте болған. Эпицентр Риддерден солтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым, Зыряновск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 218 шақырым қашықтықта болды. Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети