Қазақстанда бір айдың ішінде 164 адам суға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бір айдың ішінде 164 адам суға кетті ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда маусым айынан бері 164 адам суға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда маусым айынан бері 164 адам суға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елдегі суға шомылу орындарында жыл басынан бері 228 адам суға кетіп өлді, оның ішінде 61-і балалар. Олардың ішінде ресми түрде шомылу маусымының ашылуынан, яғни 1 маусымнан бастап қаза болғандардың саны - 164, оның ішінде 19-ы балалар", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің төраға орынбасары Жасұлан Жұмашев.

Оның айтуынша, адамдардың суға кетіп өлуінің басты себептері - жүзе алмау, күшін дұрыс есептемеу, балаларды қараусыз қалдыру, мас күйде шомылу, арнайы жабдықталмаған жерде шомылу, жеке құтқару құралдарынсыз балық аулау.

"Әдеттегідей басты назар шомылатын жерлері бар балалар лагеріне аударылады. Құтқару бөлімшелері білім беру, денсаулық сақтау басқармаларымен, жергілікті атқару органдарымен суға шомылатын орындарда балалардың қауіпсіздігі бойынша шаралардың кешенін ұйымдастырып жатыр", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің төраға орынбасары.

2015 жылдың басынан бері құтқару бөлімшелері 393 адамды құтқарды, олардың ішінде 110-ы балалар. Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет су нысандарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді. "Суға шомылу орындарында ішімдікке, есірткі уытына мас күйде шомылуға, қайықтан, катерлерден, айлақтан, сонымен қатар бұл мақсаттарға арналмаған құрылғылардан суға секіруге болмайды. Жабдықталмаған, тексерілмеген жерлерде шомылуға, шомылу аймағын көрсететін белгілерден асуға, жүзуге арналмаған заттармен шомылуға, техникалық және ескерту белгілеріне шығуға, балаларды қараусыз шомылдыруға кеңес берілмейді", - делінген ТЖ жөніндегі комитеттің хабарламасында.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети