Қазақстаннан шыққан альпинист Перу тауларында қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстаннан шыққан альпинист Перу тауларында қаза тапты Александр Ручкин. © Facebook

Перу тауларында Қазақстанда туып-өскен альпинист Александр Ручкин қайтыс болды. Ол Санкт-Петербургте тұрып жатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі альпинист Мақсұт Жұмаевқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Перу тауларында Қазақстанда туып-өскен альпинист Александр Ручкин қайтыс болды. Ол Санкт-Петербургте тұрып жатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі альпинист Мақсұт Жұмаевқа сілтеме жасап.

"Әр маусымда таулардан үйіне альпинистердің оралмайтынын бәрі біледі. Кеше қатты қиналдым, Саня қаза тапты. Александр Ручкин (...) Өзінің серігімен Перу тауларында. Саняның жүрегі бізбен бірге, ол Қазақстанда туып-өскен. Мен үшін ол бірінші кезекте "аға жолдас". Біз қазақстандық альпинизмнің тарихында өстік, Саня сол тарихқа өзінің таңбасын қалдырып кетті. Топырағы торқа болсын", - деп жазды Жұмаев Facebook әлеуметтік желісінде.

Александр Ручкин бастапқы кезде Пәкістанға экспедиция жасамақ болған, алайда оның жоспары өзгеріп, Перуға 6160 метр биіктікті бағындыруға кеткен. Онымен бірге ресейлік әріптесі Вячеслав Иванов болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети