Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.


Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Сейсмологтардың мәліметінше, 3 мамырда шамамен сағат 10.49-да Тараз бен Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезген. 

Жер сілкінісінің Қырғызстан аумағында және магнитудасы 5,9 болғаны айтылады. Жер сілкінісі 5 шақырым тереңдікте болған.

Тараз қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қала аумағында 2 балл, ал Меркі ауданында шамамен 3 балл жер сілкінісі сезілген. Қазіргі уақытта зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ.

РИА Новости мәліметінше, Бішкектегі көпқабатты үйлерде сөрелердегі ыдыс-аяқ құлап, компьютерлердің мониторлары қозғалған. Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер кейінірек толығырақ мәлімет беруге уәде берді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети