Қостанай облысында балықшылар мінген көлік суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында балықшылар мінген көлік суға батып кетті © prokazan.ru

Қостанай облысында төрт балықшы мінген "Нива" автокөлігі суға батып кетті, - деп хабарлайды "Алау" порталы. Оқиға 19 қарашада Жоғарғы Тобыл су қоймасында болған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында төрт балықшы мінген "Нива" автокөлігі суға батып кетті, - деп хабарлайды "Алау" порталы. Оқиға 19 қарашада Жоғарғы Тобыл су қоймасында болған. 

Облыстық ТЖ департаментінің мәліметінше балықшылар жедел әрекет етіп, суға батып бара жатқан көліктің ішінен шығып үлгерген. "Алайда олардың біреуінің үсті су болып, жедел жәрдем көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Оқиға орнына Лисаковскідегі шұғыл құтқару қызметі жасағының мамандары жеткен. Құрамында төрт адам болған және бір техника тартылған. Сонымен қатар, Лисаковск және Денисов аудандарының ТЖ бөлім басшылары да келген", - делінген облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Іздеу-құтқару шаралары барысында сағат 00:10-де Жоғарғы Тобыл су қоймасында мұз үстінде төрт адам табылып, құтқарылды. 

Зардап шеккендердің бірі Лисаковск қалалық ауруханасына жеткізілген. Оның табаны, бақайлары үсіп қалған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети