Қостанай облысында көлік жедел жәрдем машинасына соғысты, екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында көлік жедел жәрдем машинасына соғысты, екі адам қаза тапты © Tengrinews.kz

Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тас жолында жол талғамайтын және жедел жәрдем көліктерінің қатысуымен жол апаты болды, - деп хабарлайды "Алау". Апат салдарынан екі адам қаза тапты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тас жолында жол талғамайтын және жедел жәрдем көліктерінің қатысуымен жол апаты болды, - деп хабарлайды "Алау". Апат салдарынан екі адам қаза тапты.

"Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тас жолында 21.45 уақытында 189 шақырымында 1968 жылғы Ақтөбе облысының тұрғыны Land Cruiser Prada көлігін басқарып келе жатып, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, УАЗ жедел жәрдем көлігіне соғысты", - деді Қостанай облыстық ІІД жергілікті полициясының ерекше тапсырмалары бойынша қызметтің аға инспекторы Юрий Панасенко.

Жедел жәрдем көлігінің 1965 жылы туған жүргізушісі және оның 1957 жылы туған жолаушы әйелі оқиға орнында қайтыс болды. Тағы бір жолаушы көптеген жарақатымен Октябрь ауылдық ауруханасына жеткізілген.

Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі және тағы төрт жолаушы жарақат алған және де ауруханаға жеткізілген. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети