Қостанай облысында жаңа туылған тастанды нәресте табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында жаңа туылған тастанды нәресте табылды © pixabay.com

Қостанай облысы Лисаковск қаласының маңындағы Октябрьское ауылында жергілікті тұрғындар жаңа туылған ұл баланы көшеден тауып алды, нәрестенің түр келбеті азиаттық. Абырой болғанда нәресте үсіп үлгермеген, ол қалалық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

"26 желтоқсанда таңғы сағат 06.00-де полиция қызметкерлері жаңа туған нәрестені дәрігерлерге жеткізді, - деді Лисаковск қалалық ауруханасының Бас дәрігері Абат Жауков. - Олардың айтуынша, баланы өтіп бара жатқандар тауып алыпты. Баладан үсіктің белгілері байқалмады, бірақ оған суық тиген, қазіргі таңда жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр, барлық рефлекс сақталған, өмірлік маңызы бар функциялары тұрақты".

Бала мерзіміне жетіп туылған, салмағы - 2900, бойы - 52 сантиметр. Сырт келбетіне қарағанда, ешқандай ауытқушылығы жоқ. Баланың анасы мен туыстарының кім екені анықталды, туыстары оны алып кетуге келісім берді. Сонымен қатар, Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер балаға қауіп төндіргені үшін оның анасына қатысты қылмыстық істің қозғалғанын айтты. Қазіргі таңда нәрестенің әкесінің кім екені анықталып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети