Қостанай облысында зейнеткер екі адамды балғамен ұрып өлтірмек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында зейнеткер екі адамды балғамен ұрып өлтірмек болған © alashainasy.kz

Қостанай облысында шизофренияға шалдыққан зейнеткер екі ер адамды балғамен ұрып өлтірмек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында шизофренияға шалдыққан зейнеткер екі ер адамды балғамен ұрып өлтірмек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2018 жылдың 18 ақпанында қолына балға ұстаған Лисаковск тұрғыны тұрғын үйдің баспалдақ алаңында екі адамға шабуыл жасаған. Бас сүйегі сынған және гематома алған зардап шеккендер Лисаковск қаласының ауруханасына жеткізілді. 

"Сайманды сілтеген. Бірнеше соққы жасап үлгерген. Соққылар ер адамдардың басы мен денесінің жоғарғы бөлігіне тиген", - дейді облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілдері. 

Зардап шеккен ер дамдардың бірінің анасы ер адамдарды киімінен тартып пәтерге кіргізіп, есікті жауып үлгерген. 

Амбулаторлық сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы қылмыс кезінде 64 жастағы зейнеткер параноидты шизофрениямен ауырғанын көрсетіп отыр. 

Іс материалдары Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша мамандырлған ауданаралық сотына жолданды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети