Қостанай облысында жоғалып кеткен бір табын жылқының иесі мәлімет білетіндерге миллион теңге береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында жоғалып кеткен бір табын жылқының иесі мәлімет білетіндерге миллион теңге береді © Xvatit.com

Жоғалып кеткен жылқылардың иесі жылқылардың қай жақта екенін білетін адамға бай сыйақы беруге дайын екенін айтып отыр. Сергей Кащенко жылқыларға қатысты мәлімет білетін адамға миллион теңге бермекші, - деп жазады "Алау".

"Жылқылардың қайда екенін айтатын адамға сыйақы беріледі. Мен жылқыларымның қайда жоғалғанын көрсететін адамға миллион теңге төлеуге дайынмын", - деп келтіреді басылым тілшілері Сергей Кащенконың сөзін.

Айта кетейік, Ұзынкөл ауданында 90 жылқы жоғалып кеткен болатын. "Полицияға арыз жаздық. Іздемеген жерім қалмады. Жылқыларым еш жерде жоқ", - деп айтқан еді жылқылардың иесі. Сергей Кащенконың айтуынша, жалпы шығын 20 миллион теңгеден асады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.55   555.73   5.81 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети