Қостанай облысында жол талғамайтын көлік мопед жүргізушісін қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында жол талғамайтын көлік мопед жүргізушісін қағып өлтірді © news.sevas.com

Қостанай облысында жол талғамайтын көлік мопед жүргізушісін қағып өлтірді, - деп хабарлайды Алау порталы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында жол талғамайтын көлік мопед жүргізушісін қағып өлтірді, - деп хабарлайды Алау порталы. 

Оқиға 1 қазанда Алматы-Екатеринбург тасжолында Федоровский ауданының Пешковка ауылының маңында болған. Жол-көлік оқиғасы туралы мәліметті Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі растап отыр.

Теміртаудың 49 жастағы тұрғыны Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлікті басқарып келе жатып, мопедті қағып кеткен. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 28 жастағы мопедтің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ол Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылының тұрғыны болып шыққан", - деді ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер. 

Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі сау болған. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети