Қостанай облысында жолаушылар автобусы аялдаманы қиратып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында жолаушылар автобусы аялдаманы қиратып кетті © Александр Цацко

Қостанай облысы Қостанай ауданында жолаушылар автобусы аялдаманы қиратып кетті, - деп хабарлайды "Алау" порталы. Жол-көлік оқиғасы Затабольск ауылының Терешкова көшесінде болған. Қираған аялдаманың суретін қостанайлық Александр Цацко жолдады. 

Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер жол апатының болғанын хабарлады. 102 бағдарымен жүретін жолаушылар автобусы тізгінге ие бола алмай қалып, аялдаманы соққан. Зардап шеккендер жоқ. 

"9 қазан күні 1978 жылғы жүргізуші, MAN автобусын басқара отырып, маневр жасап аялдаманың алдына тоқтайын деген. Маневр ережелерін сақтамаған жүргізуші, аялдамаға соғысқан. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Оған айыппұл салынады. Сондай-ақ жүргізуші келтірілген шығынды өтейтін болады", - деді Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети