Қостанай облысында жүргізуші 6 жастағы бала мен оның анасын қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында жүргізуші 6 жастағы бала мен оның анасын қағып кетті © kstnews.kz

Қостанай облысында жүргізуші жаяулардің өткел жолында 6 жастағы бала мен оның анасын қағып кетті, - деп хабарлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында жүргізуші жаяулардің өткел жолында 6 жастағы бала мен оның анасын қағып кетті, - деп хабарлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Оқиға 2016 жылдың 4 наурызында 21.30-да "Наурыз" ықшамауданындағы Маяковский көшесінің бойында болған. Lada Kalina маркалы көлігін басқарып келе жатқан жүргізуші әйел мен баланы қағып кетті. Зардап шеккен бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген, алайда ол алған жарақатынан қаза тапты.

Ал бүгін Қостанай облыстық ІІД қызметкерлері ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабының тәртібінде жол-көлік оқиғасын жасаған 27 жастағы ер адамды ұстады. "Медициналық куәландырудан ер адамның жол-көлік оқиғасы кезінде мас болмағаны анықталды. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі - "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұза отырып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс Қостанай облыстық ІІД Анықтау басқармасының өндірісінде. Айта кетейік, күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы оқиғаның куәгері болғандардар полиция 52-63-36, 52-62-64 немесе 102 номерлеріне хабар беруді сұрайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети