Қостанай тұрғыны екі бөлмеге 100-ден аса адамды тіркеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай тұрғыны екі бөлмеге 100-ден аса адамды тіркеген © dubaidom.ru

Қостанай тұрғыны екі бөлмеге 107 адамды тіркеген, - деп хабарлайды Аlau.kz облыстық полиция департаменті Көші-қон басқармасының басшысы Қайрат Дүтпаевқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай тұрғыны екі бөлмеге 107 адамды тіркеген, - деп хабарлайды Аlau.kz облыстық полиция департаменті Көші-қон басқармасының басшысы Қайрат Дүтпаевқа сілтеме жасап.

Көші-қон басқармасы басшысының айтуынша, Қостанай тұрғынына мұның алдында бірнеше рет ескерту жасалған. 

"Оған тіркеу ережелерін бұзғаны жайлы бірнеше рет ескерту жасалды. 107 адам тіркелген, ал шын мәнінде онда бірнеше ғана адам тұрады. Бастапқыда 70 адамды тіркеді, кейін одан да көп адамды тіркей бастады. Ескертуді тыңдаудың орнына көші-қон қызметкерлерінің үстінен арызданып, ХҚКО қызметкерлерін балағаттай бастаған", - дейді Қайрат Дүтпаев.

Ер адамға 25 250 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл осымен екінші рет қайталанып отырған жағдай екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети