ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 22 сәуір 2014 12:57
Қостанайда автобус мүгедек адамды басып кетті
Қостанайда жолаушылар автобусы мүгедек адамды басып кетті, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.
"Ер адам таяққа сүйеніп жүріп келе жатты. Ол аялдамада тұрған автобустан шыққан бойда, автобус қозғалды да, мүгедек адам құлап кетіп, дөңгелектердің астына түсіп қалды", - дейді полиция өкілдері.
ІІІ топтағы мүгедек оқиға орнында қайтыс болды. Бұл факті бойынша тергеуалды тексеріс жүріп жатыр.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу