Қостанайда жаппай ұшынған оқушылардың қатары 37-ге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда жаппай ұшынған оқушылардың қатары 37-ге жетті ©Ярослав Радловский

Қостанайдағы қазақ-түрік лицейінде уланып қалған оқушылардың қатары 37 адамға дейін көбейді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстың ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап. Балалар жаңажылдық шарадан кейін астан ұшынған болуы мүмкін.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайдағы қазақ-түрік лицейінде уланып қалған оқушылардың қатары 37 адамға дейін көбейді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстың ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап. Балалар жаңажылдық шарадан кейін астан ұшынған болуы мүмкін.

"Медициналық пунктке көрінгендердің жалпы саны 37 бала болды, олардың 18-і ауруханаға жатқызылды, біреуі жағдайының жақсаруына байланысты ауруханадан шығарылды. Қазіргі уақытта балалардың бәрінің жағдайы тұрақты", - делінген облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 24 желтоқсан күні қазақ-түрік лицейінде ата-аналардың қатысуымен жаңажылдық шара болған, оған ата-аналар түрлі тағам алып келген. Ата-аналардың айтуынша, оқушылардың бір бөлігі мерекені лицейден тыс жерде атап өткен. 

Бұл оқиғаға байланысты ІІД, прокуратура мен облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары тексеру жүргізіп жатыр. 

Еске сала кетейік, 25 желтоқсан күні Қостанайдағы қазақ-түрік лицейінің алты оқушысы уланып қалып, дәрігерлерге көрінген болатын. Олардың басы айналып, қызуы көтерілген, құсқан. Зардап шеккендердің арасында 10-сыныптың бір оқушысы бар, қалғандары - 7-8 сынып оқушылары. Полиция оқушылардың жаппай улану дерегі бойынша ҚР ҚК 267-бабымен қылмыстық іс қозғады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети