Қостанайда жасөспірімді облыстық балалар ауруханасының қызметкері ұрып-соққан - Полиция

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда жасөспірімді облыстық балалар ауруханасының қызметкері ұрып-соққан - Полиция Видеодан алынған кадр

Полицейлер Қостанайда спорт алаңдарының бірінде төбелес шығарған әйелді анықтады, - деп хабарлайды "Костанайские новости".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Қостанайда спорт алаңдарының бірінде төбелес шығарған әйелді анықтады, - деп хабарлайды "Костанайские новости".

Айта кетейік, төбелестің видеосы осыған дейін әлеуметтік желілерде тараған болатын.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, алаңда жасөспірімді ұрып-соққан әйел облыстық балалар ауруханасында жұмыс істейді, 39 жаста. Әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (" Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Таяуда іс материалдары әкімшілік сотқа жолданады.

Видеода алаңда ойнап жүрген жасөспірім мен әйелдің арасында болған оқиғаны көруге болады. Ол алаңда велосипед теуіп жүрген, бірақ бірде бір әйел оған бас салып, айғай шығара бастайды. Онда тағы бірнеше әйелді көруге болады. Әйелдер бұл алаңда балаларының ойнап жүргеніне байланысты жасөспірімнің велосипед тебуіне қарсы болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети