Құлаған Су-27 ұшқыштары әлі іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құлаған Су-27 ұшқыштары әлі іздестіріліп жатыр Су-27 (50). ©greg-bedenko.com

Алматы облысында құлап түскен Су-27 ұшағы ұшқыштарын іздеу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысының бірінші орынбасары Марат Уашпаевқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында құлап түскен Су-27 ұшағы ұшқыштарын іздеу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысының бірінші орынбасары Марат Уашпаевқа сілтеме жасап.

"Ұшақ құлаған жерде экипаждың қайтыс болғанын растайтын деректер табылмады", - деді Уашпаев брифингте. Ол ұшқыштардың тірі болуы ықтимал екенін атап өтті.

Оның айтуынша, ұшақ құлаған жерге жету қиын, бір жағы - батпақ, бір жағы - шөл. Тікұшақтан қалған нәрселерді табу да қиын. "Экипажды іздестіріп жатырмыз, іздеу жалғасуда. Әзірше экипажды қайтыс болды деуге ешқандай дерек жоқ", - деді Уашпаев.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты барлық жорамал қарастырылып жатыр. Уашпаевтың айтуынша, мұндай оқу-жаттығу ұшулары аптасына үш рет өткізіледі. Су-27 қарапайым метеорологиялық жағдайда, орташа биіктікте, әскери жарақ жиынтығынсыз ұшырылған. Іздестіру операциясына төрт тікұшақ, 10 іздеу тобы, автокөліктер, барлығы 60-қа жуық адам жұмылдырылды. 

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі 23 қыркүйек күні жергілікті уақыт 20.42 шамасында Алматы облысында оқу-жаттығу ұшуларын өткізу кезінде Су-27 ұшағынан байланыс үзілгенін хабарлаған болатын. Экипаж мүшелері - подполковниктер Ерлан Науанов пен Денис Горбунов. Іздестіру жұмыстары барысында ұшақ құлаған жер табылды. Әуе апатының себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Құлаған ұшақ 2009 жылы Беларусьте күрделі жөндеуден өткен, ол тағы үш жыл пайдалануға жарамды.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети