Құтқарушылар Жамбыл облысындағы Талас өзеніне батып кеткен жасөспірімнің денесін алып шықты

© tourism.kaleria.ru

Жамбыл облысында су?а батып кеткен жас?спірімні? денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ??ірлік ТЖД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жасөспірімнің денесі Талас өзенінен 20 шақырым жерден табылды. Төтенше жағдайлар бөлімшесінің күшімен оның денесі судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне жіберілді", - деді Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Талас өзеніне құлап кеткен 13 жастағы жасөспірімнің іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 сәуірде сағат 21.45-те Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне Байзақ аудандық ІІБ-нен сағат 17.30-да Сарыкемер ауылы Байзақ ауданының кәмелет жасына толмаған 2004 жылғы тұрғынының Талас өзенінде ойнап жүріп, сол жаққа батып кеткен болуы мүмкін екені жайлы хабарлама келген.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама