10 сәуір 2017 11:32

Жамбыл облысында Талас өзеніне құлап кеткен 13 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында Талас өзеніне батып кеткен болуы мүмкін 13 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысында Талас өзеніне батып кеткен болуы мүмкін 13 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 сәуірде сағат 21.45-те Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне Байзақ аудандық ІІБ-нен сағат 17.30-да Сарыкемер ауылы Байзақ ауданының кәмелет жасына толмаған 2004 жылғы тұрғынының Талас өзенінде ойнап жүріп, сол жаққа батып кеткен болуы мүмкін екені жайлы хабарлама келген.

"Іздестіру жұмыстарына облыстық ТЖД сүңгуірлер тобы - 4 адам, бір дана техника, Байзақ аудандық Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнен - 10 адам мен 3 дана техника, сондай-ақ, Байзақ аудандық ІІБ қызметкерлері - 15 адам мен 3 дана техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада. Сағат 00.05-те іздестіру жұмыстарынан нәтиже болмай, іздестіру тоқтатылды.

Ал бүгін, 10 сәуірде сағат 06.00-де іздестіру жұмыстары қайта жалғасты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети