Қымбат көлік алмақ болған алматылықтар алданып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қымбат көлік алмақ болған алматылықтар алданып қалған © Race-Masters.Ru

Жаңа көлік сатып алмақ болған алмалықтар көліксіз де, ақшасы да қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа көлік сатып алмақ болған алмалықтар көліксіз де, ақшасы да қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Зардап шеккендердің бірі Ақылбек Мұхаметшеновтің сөзінше, ол Toyota Land Cruiser көлігі үшін 22 миллион алдын ала төлем жасаған. 

"Автосалонға досыммен бардым. Менеджер қарсы алды, келісімшартқа қол қойдық, төлем жасау үшін есепшот берді, түбіртек бермеді, касса аппараты дұрыс істемей тұр деді. Бұл базар емес қой, салмақты сауда орны болған соң, сендім. 22 миллион алдын ала төлем жасап, он күннен кейін көлік келгенде қалған сегіз миллионды төлейсіз деді. Он күннен кейін келсем, көлік те, ақша да, менеджер де жоқ", - дейді ер адам. 

Осылайша, ер адам полицияға арыз түсірді. 

Ал Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-тарауының 2-тармағы және 190-бабы 4-тарауының 2-тармағы "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети