Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды ©REUTERS

Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,6 болатын жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстанның сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. Жерасты дүмпулері бүгін, 19 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 07.31-де тіркелген. Сілкіністің эпицентрі Алматыдан 420 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында. Жерасты дүмпулері ошағы бес шақырым тереңдікте болған. Еске сала кетейік, 17 наурыз күні Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 314 шақырымда жер сілкінісі болған еді. Магнитудасы 5-ке тең дүмпулердің ошағы Қытайдың аумағында анықталды. Мұның алдында 16 наурыз күні Алматыдан 130 шақырым қашықтықта - Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Оның әсері Саты, Күрметі елді мекендері аумағында МSК-64 шкаласы бойынша 2-3 балл түрінде сезілген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети