Қырғызстан азаматы бөтен төлқұжатпен Қазақстанға өтіп кетпекші болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан азаматы бөтен төлқұжатпен Қазақстанға өтіп кетпекші болды © Тұрар Қазанғапов

Қырғызстан азаматы бөтен төлқұжатпен Қазақстанға өтіп кетпекші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан азаматы бөтен төлқұжатпен Қазақстанға өтіп кетпекші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады.

Шекара қызметінің мәліметінше, 17 мамырда мемлекеттік шекарадан бөтен төлқұжатпен өтпекші болған қырғызстандық "Ақ-жол автожолы" бақылау-өткізу бекетінде қолға түсті.

"Ұсталған азамат Қырғызстаннан Қазақстанға өтпекші болды. Тиісті құжаттар толтырылғаннан кейін ол Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне тапсырылды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Корея азаматшасының Қазақстанға жалған құжатпен өтіп кетпек болғаны хабарланған болатын. Ол кезде "Алматы" өту пунктінің шекара жасағы "Алматы - Бішкек" 109 КС рейсінің жолаушыларын тексеру кезінде Оңтүстік Кореяның 50 жастағы азаматшасы ішінара жалған паспортпен ұсталды. Паспортта №2 бетіндегі түпнұсқаға мәліметі бар басқа қағаз жабыстырылып, үстінен ламинат қапталған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети