Қырғызстанда зілзала салдарынан 800-ге жуық үй бүлінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда зілзала салдарынан 800-ге жуық үй бүлінді Зілзала салдары. ©akipress.org

Қырғызстанда 7 балдық жер сілкінісінен 800-ге жуық үй мен әлеуметтік маңызы бар 12 нысан бүлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қырғызстан Республикасының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қырғызстанда жер сілкінісі 14 қарашада болған еді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда 7 балдық жер сілкінісінен 800-ге жуық үй мен әлеуметтік маңызы бар 12 нысан бүлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қырғызстан Республикасының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қырғызстанда жер сілкінісі 14 қарашада болған еді.

Ыстықкөл облысының азаматтық қорғаныс комиссиясы 1194 үйді тексерді. Көпшілігі зақымданған. Залалдың нақты шығыны анықталып жатыр, зілзаладан бүлінген үйлердің тұрғындарына өтемақы бөлу туралы шешім шықты. Комиссия өкілдерінің айтуынша, жер сілкінісінің эпицентрінде ауылдағы ескі құрылыстар болған. Мектептерде әзірше сабақтар болып жатқан жоқ, мамандар мектептердің қаншалықты қауіпсіз екенін анықтайды. Ауыл тұрғындары өз үйлерін тексеруге туралы өтініш түсіріп жатыр.

Айта кетейік, Қырғызстандағы жер сілкінісі Алматыдан оңтүстікке қарай 130 шақырым қашықтықта болды. Оңтүстік астанада жерасты дүмпулері 3-5 балл түрінде сезілді. Еуропа - Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында - Шолпан Ата қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымда анықталды. Жерасты дүмпулері 47 шақырым тереңдіктен басталған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети