Қыздың зорлануына қатысты іс тергеуге қайта жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыздың зорлануына қатысты іс тергеуге қайта жіберілді Жәбірленуші. КТК телеарнасының кадры

Прокуратура педагог туысы зорлаған қызға қатысты іс материалдарын қосымша тергеуге жіберді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жәбірленуші тараптың адвокаты Жексенбай Абдолов хабарлады. Оқиға бірнеше жыл бұрын болған, қыздың айтуынша, ағайы жыныстық қатынас түсірілген бейнероликтермен бопсалап қорқытып, оны бұл туралы тіс жармауға мәжбүрлеген.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокуратура педагог туысы зорлаған қызға қатысты іс материалдарын қосымша тергеуге жіберді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жәбірленуші тараптың адвокаты Жексенбай Абдолов хабарлады. Оқиға бірнеше жыл бұрын болған, қыздың айтуынша, ағайы жыныстық қатынас түсірілген бейнероликтермен бопсалап қорқытып, оны бұл туралы тіс жармауға мәжбүрлеген.

"Прокуратура іс материалдарын қосымша тергеуге жіберді, өйткені тергеуші көп қателік жіберген. Біз ұсынған дәлелдер ескерілмеген. Ұсталған адам қыздың ұялы телефонына хабарламалар, M-agent-тегі мекенжайына порнография жолдаған. Бұған қоса, қызды жетектеп алып кеткен ер адамды көрген мектептің екі күзетшісінен жауап алынбаған", - дейді зорланған жасөспірімнің адвокаты Абдолов. 

Адвокат жасөспірімнің қыздығы бүлінбеген күйде қалғанын көрсеткен сот-медициналық сараптамасының нәтижелеріне де күмәнмен қарайды. "Иә, сараптаманың қорытындысы бойынша, оның қыздығы бүлінбеген. Оның құрылымы сондай, ұлпасы созылмалы. Жәбірленуші зорланғанын айтады, ал күдікті бәрін жоққа шығарып отыр. Оның туыстары - ірі бизнесмендер, біз күдіктіні құтқарып алғалы жатыр деп шамалап отырмыз", - деді Абдолов.

Еске сала кетейік, 14 жастағы Нарғыздың зорланғаны 2013 жылы мәлім болған еді. Қыз туысқан ағайының өзін бірнеше жыл бойы жыныстық қатынасқа итермелегенін айтты, ол порнофильм көрсетіп, арбаған. Жыныстық қатынасты видеоға түсіріп, қызды соларды жария етемін деп қорқытқан. Жәбірленушінің айтуынша, Алматы мектептерінің бірінде алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беретін ер адам жиенін сабақтан алып кететін және шаруашылық бөлмесіне апаратын болған. Қыздың анасы полицияға шағымданды, бірақ қылмыс белгілері табылмағандықтан, тәртіп сақшылары күдіктіні босатты. Қылмыстық істі тергеу барысын Алматы қаласы ІІД тергеу басқармасы өз бақылауына алды. Іс "Жыныстық сипаттағы зорлау әрекеттері" бабы бойынша тергеліп жатыр. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети