Қызылорда колониясында жазасын өтеп жатқандар ауыздарын тігіп тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда колониясында жазасын өтеп жатқандар ауыздарын тігіп тастаған Сурет:24.kz

Қызылорада колониясының 169/5 қатаң тәртібінде жазасын өтеп жатқан төрт тұтқын өзіне-өзі зақым келтіру әрекеттерін жасап, өздерінің құқықтарын бұзғандарға наразылық білдіріп, ауыздарын тігіп тастаған, - деп хабарлайды 24.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорада колониясының 169/5 қатаң тәртібінде жазасын өтеп жатқан төрт тұтқын өзіне-өзі зақым келтіру әрекеттерін жасап, өздерінің құқықтарын бұзғандарға наразылық білдіріп, ауыздарын тігіп тастаған, - деп хабарлайды 24.kz

Телеарнаның хабарлауынша, тұтқындар тұруға мүмкін емес жағдайы туралы, түрме қызметкерлерінің тарапынан дөрекілік жайлы айтып шағымданды. Одан басқа, сотталушыларға туыстарымен телефон арқылы байланысқа шығу мүмкіндігін шектеп қойған. Сотташулырдың жақындары Қоғамдық бақылау комиссиясына осы мәселеге қатысты шағымданған.

Қазір бөлімшеде тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, қылмыстық істер қайта қозғалған. Қызылорда облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығының айтуынша, түйіткіл шешілді.

"Төрт сотталушы қатты ыстықтан камераның есігін ашуды талап еткен. Алайда заң бойынша есік ашуға рұқсат берілмеген. Камераның есігі әрдайым жабық болуы тиіс. Колонияға облыстық бақылау комиссиясы мен прокуратураның өкілдері келген. Түсіндірме жұмыстардан кейін сотталушылар өз бетінше тігістерін сөкті. Қазір тұтқындардың жағдайы қанағаттанарлық", - деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Ғанибек Отарбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети