Қызылорда облысында қарасора алқабы табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында қарасора алқабы табылды ©indonetsk.com.ua

Қызылорда облысында қолдан өсірілген қарасора егістігі табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында қолдан өсірілген қарасора егістігі табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қызылорда облысындағы "Тұщықұдық" шекара заставасының шекарашылары қызмет барысында Айдарлы елді мекенінің қасынан көлемі 10х10м болатын қолдан өсірілген қарасора егістігін анықтады, биіктігі 50 см болатын есірткі өсімдігінің жалпы саны 2043 түп болып шықты", - делінген Шекара қызметі таратқан хабарламада.

3 тамыз күні шекарашылар есірткі егістігін Сырдария аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып жойды.

Еске сала кетейік, жылдың басында ҚР Ішкі істер министрлігі Шу даласының қарасорасын жоюды ұсынған болатын. "Шу даласы мәселесін шешудің қажеттіліг туды. Қазір қолданыстағы мақсатты бағдарламаның шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге жабайы түрде өсетін қарасораны жою мен залалсыздандыру жөніндегі жобаны іске асыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр", - деген болатын министр Қалмұханбет Қасымов.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети