Қызылордада балабақшадағы жастықтан құрт табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада балабақшадағы жастықтан құрт табылды ©img04.taobaocdn.com

Прокурорлар Қызылорда балабақшасындағы жастықтан құрт тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құрт прокурорлар мен қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы мамандарының бірлесіп өткізген тексеру жұмыстары кезінде шыққан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокурорлар Қызылорда балабақшасындағы жастықтан құрт тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құрт прокурорлар мен қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы мамандарының бірлесіп өткізген тексеру жұмыстары кезінде шыққан.

Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін құрт тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы мамандарына берілді. "Зерттеу нәтижесі табылған жәндіктің паразиттік аурулар тасымалдаушы жәндіктердің түріне жатпайтынын анықтады. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеу нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғаны белгілі болды", - деп мәлімдеді прокуратураның баспасөз қызметі. 

Қызылорда прокуратурасы қалалық білім бөлімі мен тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының басшылығына заңбұзушылықтарды жойып, Қызылордадағы балабақшадағы оқиғаға қатысты кінәлі тұлғаларды әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Еске сала кетейік, бұған ұқсас оқиға Павлодардың мектебінде болды, ол кезде құрт оқушыларға берілген ботқаның ішінен шықты. Мектеп басшылығы бұл жайтты санитар-эпидемиологтерге хабарлады. Мектеп директоры жәндіктер тағам құрамында аспаздар мен асхананы жалға алушының салғырттығынан пайда болғанын айтты. Мектеп басшылығы балаларға берілетін тағамның сапасыздығына қатысты асхана өкілдеріне бұған дейін де бірнеше рет ескерту жасағанын мәлімдеген болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети