Қызылордада офицер өлім аузында жатқан адамды құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада офицер өлім аузында жатқан адамды құтқарып қалды Роллан Қыдыралиев

Қызылордада жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері қанталап жатқан адамды құтқарып, қылмыскерді ұстауға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2015 жылдың 7 маусымы күні кешкі уақытта офицер Роллан Қыдыралиев "Әл-Асад" сауда үйінің маңынан өтіп бара жатып жол бойында жатқан ер адамды көрген. Жерде жатқан адамға көмектесу үшін тоқтаған ол ер адамға бірнеше жерден пышақ сұғылғанын байқаған. Офицер жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қан тоқтатқан. Осыдан кейін ол дәрігерлер мен полицейлерді шақырған.

Офицер Роллан Қыдыралиевтің арқасында жәбірленуші аман қалды, қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілген оған "гемморагиялық шок, сол жақ жеңіл және кеуде артерияларының зақымдануына әкелген сол жақ кеуде тұсына салынған жарақат" диагнозы қойылды. Жедел іздестіру шараларына кіріскен полицейлер қылмыскерді ұстады.

Қызылорда облысы ІІБ басшысы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосының басшылығына "батыл әрі табанды әрекеті үшін" аға офицер Роллан Қыдыралиевті марапаттау туралы өтініш хатын жолдады. Қыдыралиев Департаменттің ең жас қызметкерлерінің бірі екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети