Қызылордада полицей көлігінен қарбыз түсіріп жатқан ер адам видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада полицей көлігінен қарбыз түсіріп жатқан ер адам видеоға түсірілді © Youtube.com

Қызылордада куәгерлер автовокзалда ер адамның полицей көлігінен қарбыз түсіріп жатқан сәтін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада куәгерлер автовокзалда ер адамның полицей көлігінен қарбыз түсіріп жатқан сәтін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан автобустардың маңында тұрған полицейдің көлігі көрінеді. Ер адам 058KP номерлі жеңіл көліктің жүксалғышынан қарбыздарды түсіріп жатады. Видеоның авторы оның қасына барып, не болып жатқанын сұрайды. Ал ер адам болса "қарбыздарды түсіріп жатырмын" деп жауап қайтарады. Содан куәгер одан қызметтік куәлікті көрсетуін талап етіп, болмаса полицейлерді шақырамын деп қорқытады. Осылайша ер адам жүксалғыштағы қарбыздардың барлығын түсірмей, көлігіне отырып, кетіп қалады.

Соңында куәгер бұл қарбыздардың кімдікі екенін білмей, оны сонда жүрген адамдарға алып кетуді ұсынады. Кейіннен осы оқиғаны видеоға түсірген куәгер автовокзалда жүрген полицейге мұнда не болғанын айтып береді. Осы сәтте видео үзіліп кетеді.

Облыстық ІІД өкілдері осы видеоға қатысты түсінік берді. ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлжахан Қайыргенованың айтуынша, осы дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізілді. "Департамент қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2016 жылдың 24 тамызындағы бұйрыққа сәйкес, оған сөгіс жарияланды", - деді ІІД өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети