Қызылордадан 300 шақырымда магнитудасы 4,5-ке тең жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордадан 300 шақырымда магнитудасы 4,5-ке тең жер сілкінісі болды Жерасты дүмпуінің ошағы картада көрсетілген. ©emsc-csem.org

23 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 04.13-те Қызылордадан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым қашықтықта 4,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа - Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына (EMSC) сілтеме жасап. 

Жерасты дүмпуі Өзбекстан аумағында бес шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісінің ошағы Беруни қаласынан солтүстік-батысқа қарай 218 шақырым қашықтықта, ал Нөкіс қаласынан солтүстік-батысқа қарай 236 шақырымда анықталды.

Қираған мүлік пен зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети