Range Rover мен түйенің соғысуынан қаза болғандар Жаркентке көңіл айтуға бара жатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Range Rover мен түйенің соғысуынан қаза болғандар Жаркентке көңіл айтуға бара жатқан Көрнекі сурет.

Алматы облысында жабық тасжолда болған жол апатынан қаза болғандар асханалар желісінің қызметкерлері болып шықты. Олар Жаркентке бірге жұмыс істеп жүрген әйелге ұлының өліміне көңіл айтуға бара жатқан. Бұл мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне асхана желісіндегілер растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жабық тасжолда болған жол апатынан қаза болғандар асханалар желісінің қызметкерлері болып шықты. Олар Жаркентке бірге жұмыс істеп жүрген әйелге ұлының өліміне көңіл айтуға бара жатқан. Бұл мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне асхана желісіндегілер растады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысында Range Rover жүргізушісінің түйемен соғысып, салдарынан бес адамның қаза болғаны хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасы 19 қыркүйекке қараған түні Панфилов ауданынан өтетін "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тасжолында болған. Алматылық әйел отырған Range Rover көлігі Айдарлы ауылының маңында түйемен соғысып, аударылып кетіп, онда отырған жүргізуші әйел мен тағы үш жолаушы қыз оқиға орнында қаза тапқан. Ал тағы бір жолаушы қыз кейінірек ауруханада қайтыс болған.

"Қағанат" асханалар желісіндегілер қаза болған барлық бес адамның осы асхананың қызметкерлері болғанын айтады. Олардың бірі директордың орынбасары қызметін атқарған. Жасы 39-да болған.

Полициядағылар жол-көлік оқиғасымен айналысып жатыр. Сондай-ақ, жол апаты болған учаскеде құрылыстың әлі аяқталмағаны және осыған байланысты сол аумақта көлік қозғалысына тыйым салынғаны айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети