Ресей азаматы Петропавлдағы серіктестіктің миллион теңгеге жуық ақшасын ұрлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей азаматы Петропавлдағы серіктестіктің миллион теңгеге жуық ақшасын ұрлап кетті ©СҚО ІІД баспасөз қызметі

Петропавлда полицейлер қаладағы серіктестіктердің бірінен ірі көлемдегі ақшаны ұрлады деген күдікпен екі адамды ұстады, оның бірі - Ресей Федерациясының азаматы, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда полицейлер қаладағы серіктестіктердің бірінен ірі көлемдегі ақшаны ұрлады деген күдікпен екі адамды ұстады, оның бірі - Ресей Федерациясының азаматы, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қалалық ІІБ Бірінші полиция бөліміне жергілікті ЖШС басшыларының бірі шағымданып, кәсіпорынға қарасты дүкеннің кеңсесіндегі сейфтен 950 мың теңгеге жуық қаражаттың ұрланғанын айтты. Шағымданушының айтуынша, қаланың өнеркәсіп аймағында орналасқан дүкенге ұрылар терезеден кірген. Ішкі істер қызметкерлері 1975 және 1989 жылы туған екі күдіктіні ұстады. 

"Аталған ЖШС-те күзет қызметі мен дабыл жүйесі болмаған, сол себепті күдіктілерге қылмысты жасау оңайға соққан", - дейді Петропавл ІІБ Бірінші полиция бөлімінің аға тергеушісі Ирина Холодова. 

Ұсталғандар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған болып шықты. Олардың бірі - Ресейдің Калининград облысының тұрғыны, ол Қазақстанға туыстарына қонаққа келіпті. Жауап алу барысында күдіктілер қылмыс жасағанын мойындады, олар ұрланған қаражаттың жартысына өздеріне керек-жарақ сатып алған. 

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 175-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Полицейлер мекеме-кәсіпорын басшыларына есік-қабырғаларды берік етіп бекітуге және қаражат сақталатын нысандарға бейнебақылау қондырғыларын орнатуға кеңес береді. 
 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети