Ресейде Қазақстан азаматы жол апатын жасады: Үш адам қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде Қазақстан азаматы жол апатын жасады: Үш адам қаза болды © gtrk-vyatka.ru

Ресейдің Орлов ауданында Қазақстан азаматы Volvo жүк көлігімен жедел жәрдем көлігін соқты, - деп хабарлайды gtrk-vyatka.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Орлов ауданында Қазақстан азаматы Volvo жүк көлігімен жедел жәрдем көлігін соқты, - деп хабарлайды gtrk-vyatka.ru.

Жол апатының Вятка автожолының 344-ші шақырымында 3 қазанда болғаны хабарланып отыр. Кешкі сегіз шамасында жүк көлігінің жүргізушісі алдындағы автомобильден озғысы келіп, қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан.

Жүргізуші қамауға алынды. Жедел жәрдем көлігі арнайы дабылын қосып, Киров қаласына екі науқасты әкеле жатыпты. 

"Соқтығысудың тез болғаны соншалықты, жедел жәрдем жүргізушісі тізгінді бұрып үлгере алмай қалған. Салдарынан үш адам қаза тапты: екі науқас - егде жастағы әйел мен ер адам, сонымен қатар фельдшер. Жүргізуші мен жолаушы жарақат алған", - деп жазады басылым. 

Бұл істі Киров облыстқ прокуратурасы арнайы бақылауға алып, жол апатын жасаған адамға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішті қолдады. 22 жастағы жүргізуші Қазақстан азаматы болып шықты, ол қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети