Қазақстан – Ресей шекарасында 20 тонна темір-терсекті заңсыз әкетіп бара жатқан азамат ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан – Ресей шекарасында 20 тонна темір-терсекті заңсыз әкетіп бара жатқан азамат ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.
"Еліміздің бастысындағы Орал шекара отрядына қарасты "Сырым авто" бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары жалпы салмағы 20 тонна болатын аралас темір-терсекті шекарадан өткізуге тырысқан 49 жастағы отандасымызды ұстады", - делінген хабарламада.
Қазақстан азаматын тексере келгенде оның DAF көлігімен әкетіп бара жатқан металл сынықтарының құжаты жалған болып шықты.
Бұл дерек Батыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдарына хабарланды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.